Астана мен тағы бірнеше қалада мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті
Опубликовано:

Бүгін, 5 желтоқсаннан бастап Қарағанды мен Теміртауда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшсе, Астанада 0-9 сынып оқушыларын үйіне жіберу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бірінші және екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлады Қарағанды қаласы білім басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды.
Бұл ретте 5-11 сынып оқушылары әдеттегідей оқуын жалғастыратыны баса айтылған.
Теміртау қалалық білім бөлімі де өз ресми Telegram арнасында сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-5 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді. 6-11 сынып оқушылары әдеттегідей оқиды.
Астанада да 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлады елорданың білім басқармасынан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000106-astana-men-tagy-birnese-qalanyn-oqusylary-qasyqtan-oquga-kosti/