Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 35 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

Опубликовано:

құс
Құс. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 6-8 желтоқсанға арналаған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ел аумағында 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ашық, аязды, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Дегенмен түнде 6 желтоқсанда Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000238-aldagy-kunderi-elimizde-35-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-yqtimal/

pixel