jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Жайылымнан жоғалып кеткен": СҚО-да бір ауылдың 50 жылқысы мұзға батып өлген

Жылқы. Көрнекі сурет
Жылқы. Көрнекі сурет: pixabay.com

СҚО-ның Айыртау ауданы, Әлжан ауылында тұрғындардың бір үйір жылқысы суға батып, өлген. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Белгілі болғандай, 2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы табында 50 жылқының жетіспеушілігі анықталғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жылқылардың Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталған. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен.

Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар Барчи көлінен қатып қалған күйінде табылған. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен.

Бүгінде аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеген.

Қазіргі таңда полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Жайылымнан жоғалып кеткен": СҚО-да бір ауылдың 50 жылқысы мұзға батып өлген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.