Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс жәшігіне жасырынған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Атырауда күдікті полициядан қашып, қоқыс жәшігіне тығылуда
Оқиға орны. Видеодан кадр: Рolisia.kz

Атырауда иесі оталдырып қойған автокөлікті заңсыз айдап әкетіп қашқан ер адам қоқыс жәшігіне жасырынған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 5 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00 шамасында 49 жастағы әйел "102" арнасына хабарласып, бес минут бұрын үйінің алдында оталып тұрған Nissan Almera автокөлігін белгісіз адамның заңсыз айдап әкетіп қалғанын айтып, шағымданған.

Жәбірленушінің арызы бойынша тәртіп сақшылары бірден Сергек бейнебақылау жүйесі арқылы автокөліктің Алиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді.

Оқиға орнына жедел жеткен Батыс-15 қызметкерлері автокөлікті Махамбет-Сатыбалдиев көше қиылысында тоқтатқанымен, күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбай, автокөлікпен қашып кеткен.

"Онымен қоймай, күдікті жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол-көлік оқиғасын жасайды. Кейін полиция қызметкерлерінен қашып, жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылып қалды", – деді полиция өкілдері.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні тығылып жатқан жерінен ұстады.

Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың "Автокөлікті айдап әкетуші" және "Қалта ұрысы" тізімдік санатында есепте тұрғаны анықталды. Ер адам айдап әкеткен автокөлік арнайы тұраққа қойылып, ұсталған азамат жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000334-atyrauda-kolik-urlap-qoqys-zasigine-zasyryngan-er-adam-ustaldy/

pixel