Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында ер адам төбелестен кейін комаға түсіп, қайтыс болды

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі сурет: Рixabay.com

Алакөл ауданы "Достық" стансасындағы шағын жанұялық жатақханада соққыға жығылған 45 жастағы ер адам комаға түсіп, қайтыс болды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің хабарлауынша, желтоқсанның 4-і күні кешке аяусыз соққыға жығылған 45 жастағы ер адам Алакөл аудандық ауруханасына түскен. Дәрігерлер жәбірленушіні басынан ауыр жарақат алған деген диагноз қояды. Ауыр соққыдан комаға түскен ер адам көп ұзамай ауруханада қайтыс болды.

Тәртіп сақшылары ер адамның шағын жанұялық жатақханада тұратын Достық шекара бекетінен жеткізілгенін анықтады.

"Жәбірленушінің жатақханада танысымен жанжал кезінде жарақат алғаны анықталды. Ауызша кикілжіңнің арты төбелеске ұласқан. 46 жастағы күдікті бірден қамауға алынды", – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өліміне әкеп соғу") тіркелді. Тергеу барысында күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000343-zetisu-oblysynda-er-adam-tobelesten-keiin-komaga-tusip-qaitys-boldy/

pixel