Қарағанды облысында дүкен сатушысына балға және пышақпен шабуыл жасалды
Опубликовано:

Қарағанды облысында әйел адамға қарақшылық шабуыл жасалды. Дүкендегі сатушы әйелді ұрып-соғып, балға және пышақпен қорқытқан адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне 2 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00 шамасында ауданға қарасты ауылдардың бірінде қарақшылық болғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері жіберіледі. Белгілі болғандай, дүкенде белгісіз біреу 65 жастағы сатушыға шабуыл жасаған.
"Күдікті жәбірленушіні пышақ және балтамен қорқытып, дене жарақаттарын келтіріп, азық-түлік және 30 мың теңге ақша алып кеткен. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 29 жастағы күдікті ұсталды", – деді полиция өкілдері.
Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабына ("Қарақшылық шабуыл") сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000350-qaragandy-oblysynda-duken-satusysyna-balga-zane-pysaqpen-sabuyl-zasaldy/