Астанада 7 желтоқсанда бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары онлайн форматта оқиды
Опубликовано:

Елордада ертең, 7 желтоқсанда бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледжердің 1-2 курс студенттері онлайн форматта оқиды. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
"2022 жылдың 7 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген елорданың білім басқармасы таратқан хабарламада.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 7 желтоқсанда Астанада 20 градусқа дейін аяз күтілуде.
Айта кетейік, бүгін де елордада бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушылар, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000416-20-gradusqa-deiin-ayaz-astanada-7-zeltoqsanda-birinsi-auysymdagy-mektep-oqusylary-onlain-formatta-oqidy/