Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, жел, аяз: Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар басқан орман
Қыстың күні. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер сәрсенбі, 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін еліміздің басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуінен қар, көктайғақ, оңтүстігінде желдің күшеюі, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауыспалы жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -28-30°С, күндіз -18-20°С болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкентте күн райы көшпелі бұлтты болады, күндіз қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -1-3°С болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000438-qar-zel-ayaz-bugin-el-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel