Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шуда полицияға шабуыл жасаған 8 азаматқа үкім шықты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Шу ауданының полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша, Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен сегіз тұрғынға қатысты 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске сала кетейік, осы жылдың 7 мамырында түнгі сағат 01.30 шамасында Шу қаласындағы вокзал маңындағы алаңда полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан болатын.

Тәртіп сақшылары көлік иесінен құжаттарды көрсетуді сұрағанда жүргізуші мен көлікте болған белгісіз адам полиция қызметкерлерінің талабын орындаудан бас тартқан. Олар полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, тіпті шабуыл жасай бастаған.

Бұған қоса, оларға жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам қосылып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің қаруын тартып алуға тырысқан.

Осыған байланысты аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000472-suda-policiyaga-sabuyl-zasagan-8-azamatqa-ukim-syqty/

pixel