Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жас қызды зорламақ болды: Полиция күдіктіге қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жетісу облысы Полиция департаменті орынбасарлары тағайындалды
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Желіде 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті көз жұмды деген ақпарат тараған болатын. Өңірлік полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"6 желтоқсан күні жасөспірімді зорламақ болған күдікті қамауда көз жұмды деген ақпарат шындыққа сай келмейді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желі қолданушылары ҚР ҚК 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Аталған факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жұмысы қолға алынды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000509-atyrauda-zas-qyzdy-zorlamaq-boldy-policiya-kudiktige-qatysty-malimdeme-zasady/