Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда автокөлік мұз астына түсіп кетті

Опубликовано:

Мұзға түскен көлік
Мұзға түскен көлік. Фото: Қостанай облыстық ТЖД

4 желтоқсанда Қостанай облысы Амангелді ауылынан 18 шақырым жердегі Байғабұл өзенінен екі күн бұрын мұзға түсіп кеткен Ravon Nexia маркалы автокөлігі шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көлік мұз астына 2 желтоқсан күні түсіп кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында халыққа көмек көрсетілді. Қостанай облысы бойынша ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері су астына түсіп, Ravon Nexia маркалы автокөлігінің алдыңғы дөңгелегіне шынжыр тақты", - деді ТЖД баспасөз қызметінде.

Автокөлік өзеннен 17:21-де шығарылды.

Апатты-құтқару жұмыстарына ТЖД мен жергілікті атқарушы органның төрт техника бірлігі, 13 қызметкері, сондай-ақ, 12 жергілікті тұрғын атсалысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000594-qostanaida-avtokolik-muz-astyna-tusip-ketti/

pixel