Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тоғыз қабатты үйде газ баллоны жарылды

Опубликовано:

Газ баллоны
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс күндізгі сағат 16:27-де Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың 1-қабаттағы дүкеннің ішінде құрылыс жұмысы кезінде болғанын анықтаған. Газ ауа қоспасының жарылысы салдарынан 10 шаршы метр аумақта пластикалық құбыр жанған.

Төтенше оқиға кезінде 11 өрт сөндіруші мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

”Тарсыл салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 17:02-де оқшауланып, сағат 17:18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда”, - длінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000598-symkentte-togyz-qabatty-uide-gaz-ballony-zaryldy/

pixel