Қостанайдағы құс фабрикасына қатысты тергеу басталды
Опубликовано:

Қостанайдағы ”Жас қанат-2006“ құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның дерегіне қарағанда, ”Жас қанат-2006” ЖШС құс фабрикасы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзған.
”Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1-тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеу бастады. Атап айтқанда, ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланған”, - делінген хабарламада.
Бір жыл бұрын департамент қостанайлық екі құс фабрикасының жұмысында Кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілерін тіркеген болатын, оның ішінде ”Жас қанат-2006” ЖШС да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000601-qostanaidagy-qus-fabrikasyna-qatysty-tergeu-bastaldy/