Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеген": Астанада арнайы ХҚКО басшысы мен тағы бірнеше адам ұсталды

Опубликовано:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген көліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды ANTIKOR News Telegram-арнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу жұмыстары Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топтың биыл қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын жымқырып, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталған.

Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған.

"Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған.

ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының "Web-модуль" сервистік орталығы" ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған көліктер туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан", - дейді Антикор өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, сондай-ақ күдіктілердің азаматтардың мемлекеттік баж және төлемдерді төлеуге арналған ақшалай қаражатын жымқырып, жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталған.

Осылайша, азаматтар мен мемлекетке келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгені құраған.

Аталған іс бойынша соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынып, қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталған.

Агенттік тергеу жалғаласып жатақынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000812-setelden-akelingen-kolikterdi-zansyz-tirkegen-astanada-arnaiy-xqko-bassysy-men-tagy-birnese-adam-ustaldy/

pixel