Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жасөспірімдер ауыл тұрғынына шабуыл жасап, телефонын тартып алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды қаласында ауыл тұрғынына шабуыл жасап, телефонын тартып алды деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 43 жастағы ауыл тұрғыны шағымданған.

Ол арызында кешкі уақытта Бұқар жырау даңғылының бойындағы көпқабатты үй маңынан өтіп бара жатқанда белгісіз біреулер шабуыл жасап, дене жарақаттарын салып, ұялы телефонын тартып әкеткенін айтқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысты кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде 16 және 17 жастағы екі жасөспірім ұсталған. Күдіктілерден айғақ заттар тәркіленген.

Басылымның мәліметінше, қазіргі таңда аталған дерекке байланысты Кылмыстық кодекстің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000841-qaragandyda-zasospirimder-auyl-turgynyna-sabuyl-zasap-telefonyn-tartyp-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel