Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға сыйлықтар: Бөліп төле де, бонус ал

Опубликовано:

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жақындарымыздың көңілінен шығатын сыйлық сыйлап, оларды қуантқымыз келетіні рас. Осы орайда кей адамдар отбасы мүшелеріне не сыйларын білмей, біраз уақыт жоғалтатыны да бар. Егер сіз мерекеге жақындарыңызға сыйлық алып үлгермесеңіз, Jusan Дүкендегі желтоқсанның 12-сінен бастап қаңтардың 1-іне дейін жалғасатын кезекті бөліп төлеу науқанынан қапы қалмаңыз. Толығырақ KAZ.NUR.KZ тілшісінің бүгінгі материалынан біле аласыздар.

Jusan Дүкенде ұйымдастырылып отырған, үш апталық науқан аясында барлық санат бойынша тауарларды бөліп сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Қуантарлығы, сіз «0-0-24» науқаны шеңберінде өзіңіз бен жақындарыңызға қажет, бағалы заттарды үстемақысыз сатып алып қана қоймай, қосымша бонус та аласыз.

Мәселен, үйіңізге немесе жақыныңызға тұрмыстық техника қажет болса, аталған науқанға қатысып, тоңазытқыштар мен теледидарларды еш пайызсыз, 24 айға бөліп төлеп, сатып ала аласыз. Сондай-ақ сіз қосымша бонустарға да қол жеткізесіз.

Сол сияқты акция аясында үйіңіздегі жұбайыңыз бен балаларыңызға да әдемі сыйлық сыйлап, қуанту мүмкіндігі бар. Мысалы, үш аптаға созылатын науқан аясында әшекей бұйымдар мен киім-кешекті бөліп төлеу мүмкіндігін пайдалануыңызға болады.

Жаңа жыл қарсаңында өзіңізді де қуантуды ұмытпаңыз, ал астыңызда көлік болса, оған қажет тауарды алуды естен шығармаңыз. Науқан шеңберінде сіз аталған санаттағы тауарларды да бөліп төлеу жолымен сатып ала аласыз.

Ал балаларыңыз көптен бері ойын консольдарын сыйға сұрап жүрсе, оны да аталған науқан аясында сатып алып, үйдегі кішкентайларыңызды қуантуыңызға болады.

Көптеген адам желтоқсан айында жылды қорытындылап, келер жылға жоспарларын жазып жатады. Егер сіз көптен бері қалаған курсқа жазылуды жоспарлап жүрсеңіз, Jusan Дүкеніндегі Skillbox курстарын 75 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Сонымен қатар жақындарыңыз не өзіңіз спортпен айналысуды қолға алған болсаңыздар, аталған науқан арқылы турник, жаттығуға арналған жолдарды бөліп төлеуге сатып ала аласыз. Бұған қоса, сән саласында бизнес ашқыңыз келсе, Jusan Дүкендегі науқан көмегімен сәнге арналған техниканы (техниканың барлық түрі) сатып алуға болады.

Қыс мезгілінде адамдардың көбі өздерінің сүйікті шаңғы спортын қолға алып жатады, немесе шаңғы тебуді үйренгісі келетін жандар жаңа шаңғыларды алуы мүмкін. Jusan Дүкенде бұл бағытта да науқан жүреді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіз шаңғы спортына қажет барлық керек-жарағыңызды түгендей аласыз. Ал бастысы оларды бірден сатып алмай, 24 айға бөліп төлеуге болады.

Мереке қарсаңында адамдардың көпшілігі үйге шырша қойып, балаларымен бірге жаңажылдық шыршаны безендіріп жатады. Десе де үйдегі көп жылдан бері қолданып келе жатқан шыршаңыз әбден ескіруі де мүмкін. Ал бағасы қымбат шыршаны сатып алуды қалтаңыз көтермесе, мойымаңыз. Jusan Дүкендегі науқан көмегімен 30 пайызға дейінжеңілдікпен үйіңізге су жаңа шыршаны, пайызсыз 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алып, балаларыңызды бір қуантуыңызға болады. Бұған қоса шыршаны безендіруді де ұмытпаңыз. Оған арналған гирляндаларды да дүкенннен таба аласыз.

Егер жаңа жылда өзіңізге немесе жақыныңызға бағалы сыйлық сыйлауды көздесеңіз, оған армандаған смартфонды сыйға тарта аласыз. Ол үшін желтоқсанның 12-сінен бастап қаңтардың 1-іне дейін дейін жалғасатын, Jusan Дүкендегі науқаннан құр қалмаңыз. Сіз осы науқан арқылы қалаған ұялы телефоныңызды еш пайызсыз, 24 айға бөліп төлеп, жаңа жылға жақыныңызға керемет мерекелік көңіл-күй сыйлай аласыз.

Айта кетерлігі, жоғарыда аталған тауарлардың барлығына қосымша 10 пайызға дейінгі бонустар қарастырылған. Кейін сіз аталған бонустарды қажетіңізге қарай жаратсаңыз болады.

Акция шеңберіндегі тағы бір қуанышты жаңалық – құны 50 000 теңгеге дейінгі тауарды бөліп төлеу немесе JUSAN картасы арқылы сатып алсаңыз, барлық тауарға тағы қосымша 15 пайыз бонус беріледі.

Жалпы Jusan Дүкенде 800 000-нан астам тауар мен қызмет, 3 500-ден астам санат және 2 000-нан астам серіктес бар.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000912-zana-zylga-syilyqtar-bolip-tole-de-bonus-al/

pixel