Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрлігі БҚО-дағы зауыт төңірегіндегі дауға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Азатттық
Фото: Азаттық рухы

Батыр Қазақстан облысындағы "Кублей" зауытына қатысты мәселе күні бүгінге дейін шешілмеді. Осы орайда, аталған даулы оқиғаға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

Естеріңізде болса, аталған даулы оқиға 2020 жылы "Кублей" зауытының жанынан әкімдіктің "Циолковский" тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берген күннен  басталған болатын.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, әкімдік 2014 жылы Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағына көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулы шығарған.

Кәсіпорын өкілдері, осыған байланысты "Кублей" зауытына төнген қауіп елдегі ауыл шаруашылығы саласына да тікелей кері әсер ететінін айтуда. Сонымен бірге зауыт басшылығы тек соңғы үш жылда "Кублей" мемлекеттік бюджетке 5 миллиард 652 миллион теңге салық төлегенін мәлім еткен.

"Кублей" ЖШС – 30 жылдық тарихы бар ет, балық және көкөніс консервілерін өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның ет және ет-өсімдік консервілерін өндірудегі үлесі 65 пайызды құрайды. Осылайша, бұл кәсіпорын ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар тек Қазақстанды ғана емес, оны Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және т.б. экспорттайды.

Бүгінгі таңда консервілеу зауыты 100-ден астам консервілеу өнімдерін шығарады. Олардың қатарында ет, ет және көкөніс, балық, деликатес, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас және сүт консервілері бар. Оның қуаты бір ауысымда 200 мың банка консервілер. Батыс Қазақстан облысының 3 мыңға жуық шаруа қожалығы кәсіпорынға ет жеткізеді", - дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Министрліктің мәліметінше зауыт бүгінде заманауи аппараттармен толықтай жабдықталған және тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаратын жетекші өндіріс орны болып табылады. Вице-министрдің айтуынша, зауыт ет өнімдерін 405 тоннаға дейін арттырған.

Сонымен қатар, ведомство өкілі "Кублей" ЖШС зауытының басына төнген қауіп шешілмей, өндіріс орны шенеуніктердің кесірінен жабылса, Батыс Қазақстан облысындағы шамамен 3 500 шаруа қожалығына кері әсерін ететінін айтады.

"Кублей" ЖШС зауыты жабылуы ол шикізаттың жеткіліксіздігімен, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуі төмендеуімен елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар экспортқа шығарылатын тауарлар төмендеп, импорттық тауардың ішкі нарықта көбеюіне әкеліп соғады. Зауыттың жабылуының нәтижесінде 700 адам жұмыссыз қалады",-дейді министрлік өкілі.

"Әзірге аталған шулы оқиғаның соңы немен аяқталатыны белгісіз", - деп жазылған басылымда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000913-auyl-saruasylygy-ministrligi-bqo-dagy-kublei-zauyty-zoninde-pikir-bildirdi/