Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 градусқа дейін аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қыс көрінісі. Көрнекі сурет
Қыс көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер еліміздегі алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы мен қар күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы сақталып, қар жаууы мүмкін.

Тек еліміздің батыс, оңтүстік, орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Ал, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығыста тұман болады деп болжануда.

Түнгі уақытта ауа температурасы:

  • батыста 7-20-дан 5-15-ке дейін;
  • солтүстік-батыста 18-30-дан 12-22-ге дейін;
  • солтүстікте 17-30-дан 10-26-ға дейін;
  • орталықта 20-30-дан 18-28-ге дейін;
  • шығыста 15-35-тен 12-25-ке дейін;
  • оңтүстікте 10-30-дан 7-20-ға дейін;
  • оңтүстік-шығыста 12-25 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000935-26-gradusqa-deiin-ayaz-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel