Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК өкілдері дүйсенбі, 12 желтоқсан күні Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Болжам мемлекеттік метеорологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланды.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы -4...-6 градус аралығында болады, желдің жылдамдығы секундына 0-ден 5 метрге дейін.
Астанада да күн жауын-шашынсыз, термометр бағаны -11-ден -13 градусты көрсетеді. Синоптиктер елорда тұрғындарына желдің секундына 7-12 метрге дейін күшейетінін ескертеді.
Ал Шымкент +2 градусқа дейін жылы болмақ, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Мегаполисте жауын-шашын күтілмейді.
Еске салайық, кеше, 11 желтоқсан күні аязға байланысты Екатеринбург-Алматы тас жолында қозғалыс шектелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001067-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/