Тоқаев: Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр
Жарияланған күні:
Бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы инфляцияның өсуінің негізгі факторы барлық негізгі топтар үшін азық-түлік бағасының қымбаттауы екенін айтты.
"Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар президенттің айтуынша, елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар.
"Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек", – дейді мемлекет басшысы.
Еске салайық, бүгін, 12 желтоқсанда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Мемлекет басшысы елдегі инфляция жағдайына тоқталып, ол елімізде соңғы 14 жылда тіркелмеген деңгейге жеткенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001148-toqaev-turgyndardyn-aqsalai-tabysynyn-osu-qarqyny-songy-5-zyldagy-en-tomen-dengeide-tur/