Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram-арнасы.

Жиында сөз алған президент елімізде соңғы 14 жылда болмаған инфляция көрсеткіші тіркелгенін атап өтті.

"Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.

11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", - дейді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы халықтың сенімін ақтау - басты міндет екенін айтты.

"Жуырда өткен президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз.

Сондықтан, сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001115-toqaev-inflyaciya-songy-14-zylda-bolmagan-dengeige-zetti/

pixel