Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 млн теңгеден кем емес: Қазақстандық жұлдыздар жаңа жыл кешіне қанша алады

Опубликовано:

Жаңа жылдық шырша ойыншығы. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық шырша ойыншығы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл қарсаңында көптеген мекеме мерекелік корпоративтер ұйымдастырып, оған танымал эстрада жұлдыздарын шақырып жатады. Осы орайда ҚазАқпарат тілшілері отандық жұлдыздардың бір кешке қанша гонорар алатынын білді.

Басылым мәліметінше, көптеген қазақ әншісі бүгінде жаңажылдық кештерге тапсырыс алған. Сонымен бірге басылым отандық жұлдыздар бір кеште 7- 8 ән орындайтынын айтады. Белгілі болғандай, әншілер осы өнері үшін кем дегенде 1 млн теңге көлемінде сыйақы алады екен.

Мәселен, Ерке Есмахан еліміздің басқа қалаларында өтетін салтанатты шараларға 3-4 млн теңге сұрайтын көрінеді. Ал Алматы қаласында ұйымдастырылатын шараларға біршама төмен сома сұрайды екен (мысалы 2 млн теңгеге 7-8 ән айтады - ред.).

Сол сияқты Луинаның жаңа жылдық кешке 1,2 миллион теңге сұрайтыны белгілі болды. Ал жастар арасында танымал Нұрболат Қанай 40 минут ән салғаны үшін 2 миллион теңге алады екен.

Бұдан бөлек Дастан Оразбеков бір кештен 1,5 млн теңге табатыны белгілі болды. Ал Айдана Меденова 1 млн теңгеге қонақтарды қуантуға дайын, деп жазады басылым тілшілері.

Айта кетерлігі, жоғарыда аталған әншілердің көпшілігі сыйақының 50 пайызын алып қойған.

Бұған қоса елімізде жаңажылдық корпоративтік кештерге ресейлік жұлдыздарды да шақыратын компаниялар бар. Мәселен, ресейлік телеарналардың мәліметінше, Филипп Киркоров жаңа жыл түніндегі өнері үшін 300 мың доллар (140 млн теңге) алса, Дима Билан 37 млн теңгеге ән салып беруге дайын екен.

Сол сияқты Niletto мен Zivert те осы сомаға өнер көрсетуге әзір. Ал Клава Кока өз өнерін 45 млн теңгеге бағалауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001294-1-mln-tengeden-kem-emes-qazaqstandyq-zuldyzdar-zana-zyl-kesine-qansa-alady/

pixel