Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың күміс көмей Көшенейі" атты облыстық жас жыршы-термешілер байқауы өтті

Опубликовано:

Концерт
Фото: gov.kz

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде есімі күллі қазақ даласына танылған жыр дүлдүлі, жыр мектебінің үздік өкілі, жыр жампозы Көшеней Рүстембекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақтың күміс көмей Көшенейі" тақырыбында облыстық жас жыр-термешілер байқауы өткізілді.

Жыр байқауын Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов ашып, өмірден ерте кеткен қазақтың жырау-әншісі, жеті атасынан өнер дарыған сегіз қырлы, бір сырлы талантты Көшеней Рүстембекұлының артына қалдырған өнегелі ісі туралы және өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен айтып, байқауға қатысушы жас жыр-термешілерге бүгінгі додада сәттілік тіледі.

домбыра
Фото: gov.kz

Шара барысында бүгінгі күннің аспанын жыр жауһарымен әуелететін, талай шаршы топта шашасына шаң жұқтырмай жұртшылықты жыр жаһұтына бөлейтін, жасампаз жырауларымыздың көшінің алтын бұйдасын қолына ұстаған жас жыр-термешілер жыр сүйер қауымға жырдан шашу шашып, өнер сүйер халықтың шөлін басып, рухани демалыс сыйлады.

Сондай-ақ жырдан жеңімпаз жүлдегер атанған жас жыр-термешілер көрермен көңілінен шығып, әділқазылар шешімімен арнайы Алғыс хаттарға ие болды.

Елінің жарық жұлдызы болған, Қазақстан аумағын жыраулық өнерімен дүр сілкіндірген Көшеней Рүстембековтің есімі мәңгі жүрегімізде сақтала бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001346-qazaqtyn-kumis-komei-koseneii-atty-oblystyq-zas-zyrsy-termesiler-baiqauy-otti/

pixel