Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар көшкіні жүруі мүмкін": ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Рixabay.com

Осы аптаның соңына дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті ресми сайтында.

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға яғни қардың түсуі мен желдің күшеюіне байланысты, 13-18 желтоқсан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі қаупі бар.

Сондықтан осы кездері тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз", – делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖД мамандары егер төтенше жағдайға тап болсаңыз немесе өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың көмегі қажет болса "112" нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001364-qar-koskini-zurui-mumkin-sqo-nyn-totense-zagdailar-departamenti-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel