Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жаңа автодром ашылды

Опубликовано:

Автодром
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Түркістан қаласының көлік жүргізушілері теориялық және тәжірибиелік емтиханды арнайы ХҚО-да тапсыра алады. Жаңа автодром Қазақстан 30 жылдығы ауылының, Қазыбек би 51 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Бұған дейін тұрғындар емтихан тапсыру үшін Шымкентке немесе басқа да көршілес облыстарға баруға мәжбүр еді. Бұл мәселені шешу үшін қазан айында Сарыағашта автодром ашылған. Енді Түркістан облысы бойынша емтихан тапсыратын екі бөлімшелер бар.

Алғашқы жұмыс күннен бастап жаңа автодром тәжірибелік емтихан тапсыратын қызмет алушыларды қабылдады. Кешеннің жалпы ауданы - 1 гектар. Болашақ жүргізушілер B, C1 және D1 санаттары бойынша емтиханды тапсыра алады. Сондай-ақ, бүгінде автодромның меншігінде KIA Rio, LADA GRANTA маркалы 4 автокөлік және IVECO, FOTON сияқты микроавтобустар бар.

Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары жаңа автодромның ашылуының нәтижесінде куәліктерін өз аймақтарында алып, уақыттары мен қаржысын үнемдейді. Куәліктерді алу қолайлы болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының арнайы ХҚО ғимаратында автокөлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және емтихан сыныбы бойынша операциялық залдар бар. Күту залында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылған. Онда кез келген тұрғын электрондық үкімет қызметтерін өз бетінше алып, сондай-ақ, мамандардың көмегіне жүгіне алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001389-turkistanda-zana-avtodrom-asyldy/

pixel