Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қордан балаларға берілетін ақша қайда аударылатыны белгілі болды

Опубликовано:

Сурет салып отырған бала. Көрнекі сурет
Сурет салып отырған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Ұлттық қор – балалар үшін" бағдарламасы аясында, балаларға аударылатын қаражаттың шот операторы белгілі болды. Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов аталған бағдарлама - "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" арқылы жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық қор – балалар үшін" бастамасын 2024 жылы іске қосу мәселесі пысықталып жатыр. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шот ашылады, оған жыл сайын қаражат түсіп отырады. Шот операторы ретінде - "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" белгіленді. Жиналған қаражатты тек кәмелет жасына толғаннан кейін алуға болады", - дейді вице-министр.

Сонымен бірге ведомство өкілі келер жылы аталған бастаманы жүзеге асыру мақсатында заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отырғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, биыл 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынған еді.

Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001517-ulttyq-qordan-balalarga-beriletin-aqsa-qaida-audarylatyny-belgili-boldy/

pixel