Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевта баланың көзінше мысықты өлтірген ер адамға үкім шықты

Опубликовано:

Судья үкім оқып тұр
Судья үкім оқып тұр. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қонаев қаласының соты баланың көзінше мысықты тепкілеп өлтірген қала тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның хабарлауынша, прокуратура қылмыс болған дүкенге кіреберістегі бақылау камерасынан бейнежазбаны алдыртқан.

Онда мас ер адам мысықпен ойнап тұрған балаға жақындап, кейін жануарды тепкілеген. Мысық қабырғаға соғылып барып, өледі. Ал ер адам болса дүкеннен шығып, кетіп қалған.

Алматы облысының прокуратурасы елімізде жануарларға қатігездік көрсеткендерге жаза күшейгенін айтты.

"Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі бойынша көпшілік орында және балалардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", — дейді құзырлы орган мамандары.

Кінәлі ер адам анықталды. Ол қаладағы кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтін және балалары бар Қонаев қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам мас күйінде үй жануарын себепсіз ұрып-соққанына кейін қатты өкінген.

"Қонаев прокуроры Айдос Шорманов азамат Қ. (1984 жылы туған) кінәсін мойындап, мұнысына өкініп отырғанын ескеріп, сотталушыға бас бостандығын 6 ай мерзімге шектеу түрінде жаза беруді сұрады", — дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, сот прокурордың ұсынысын қолдап, кінәліге 6 ай мерзімге жаза кесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001550-qonaevta-balanyn-kozinse-mysyqty-oltirgen-er-adamga-ukim-syqty/

pixel