Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркім өз мүмкіндігіне қарай өмір сүруі керек": Қаржы министрі қазақстандықтардың қарызы туралы айтты

Опубликовано:

кедейлік
Әмиян. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықтың қарыз жүктемесі кедейленумен байланысты ма деген сауалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері көптеген қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктерге ақшасы жетпейтінін және азық-түлік, киім-кешек және басқа да ең қажетті заттарды сатып алу үшін несие алуға мәжбүр екенін атап өтті.

Олар Қаржы министрі халықтың қарыздық жүктемесін кедейшілікпен байланыстыра ма деген сауалды төтесінен қойды.

"Мұның бәрі бір-бірімен байланысты процестер. Бұл бәріне түсінікті. Жалпы, экономикалық жағдай осылай. Бұл жерде жасыратын ештеңе жоқ. Ауруын жасырған өледі. Экономиканы көтеру қажет, инфляциямен күресу керек – бұл тұтас қарастыратын мәселе", — деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ ол халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін де айтты.

"Тек салдарымен ғана күресе алмаймыз, әр адам өз мүмкіндігіне қарай өмір сүре білуі керек. Несиеге белшеден батқаннан адамның мүмкіндігі артпайды", — деп түйіндеді ол.

Бүгін мәжіліс депутаттары "Азаматтардың төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев таныстырды. Оның айтуынша, Қазақстанда жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімінің үш түрі енгізіледі.

"Үш процедураны да борышкердің өзі ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл процедураларды қолдануға құқығы жоқ", — деп сендірді министр.

Жалпы, Жамаубаевтың айтуынша, заңның орындалуы азаматтардың борыштық жүктемесін азайтуға, әлеуметтік шиеленісті әлсіретуге, қаржылық сауаттылықты арттыруға және қарыз төлемдерін ынталандыруға әсер етпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001582-arkim-oz-mumkindigine-qarai-omir-surui-kerek-qarzy-ministrliginin-bassysy-qazaqstandyqtardyn-qaryzy-turaly-aitty/

pixel