Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зәулім үй салып, хайуанаттар бағын ұстаған: Алматыдағы рейдерлік істің таңғаларлық мәліметтері анықталды

Опубликовано:

Зәулім үй
Зәулім үй. Видеодан кадр: Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеу ісінің егжей-тегжейін жариялады. Ұйымдасқан қылмыстық топ Алматыда кәсіпкерлерді үреймен ұстаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 11 адам болған, олардың 5-і ұсталды, ал алтауы, оның ішінде ұйымдастырушы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды.

Қаржы мониторингі агенттігі атап өткендей, қылмыстық топ алматылық кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы үрейде ұстаған.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ күш қолдану және қорқыту арқылы кәсіпкерлердің мүлкін алып қойып, компаниялардағы олардың үлестерін тартып алған және көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан", – делінген хабарламада.

Ведомство кейбір мәліметтерді жариялады.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2019 жылдың 4 наурызында Алматыда Қоспаев сыбайластарымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға 160 миллион теңге инвестициялаған "Profit Trade Ltd" ЖШС иелерін Имашевке үлесінің 40 пайызын беруге мәжбүрлеген. ҚМА мәліметтері бойынша, Имашев ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі болып табылады.

"Бұрынғы басшыларды басшылықтан аластаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жалған құжат жасау арқылы қалған 35 пайыз акцияны иемденген. Кәсіпорын алкоголь өнімдерін көтерме саудамен айналысып, тұрақты табыс әкелген.

Тағы бір жағдайда, 2020 жылдың 30 шілдесінде Қоспаевтың қылмыстық тобы адам өміріне қауіп төндіре отырып, өз бизнесіне 400 миллион теңгеден астам инвестиция салған "Azovita Aktay" мен "Azovita Atyray" ЖШС-нің иесін оларға кәсіпорындардың жарғылық капиталын өтеусіз 100 пайыз үлесін беруге мәжбүрлеген.

Жоғарыда аталған компанияларды бақылауға алғаннан кейін, Қоспаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері оларды Алматы, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Алматыда алкоголь өнімдерін заңсыз сату бойынша қылмыстық іс-әрекеттерге қолдана бастаған", – деді ҚМА өкілдері.

2021 жылдың шілдесінде, ҚМА мәлімдегендей, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері "Kapchagai Marina Сlub" ЖШС-не тиесілі құны 2 млн АҚШ доллары болатын Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағын күшпен иемденген.

"Өзінің жазасыздығын сезінген Қоспаев пен ол өзі құрған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері табысты кәсіпорындарды тартып алуды жалғастырады. 2021 жылдың шілдесінде ұйымдасқан қылмыстық топ Қапшағай су қоймасындағы Kapchagai Marina Сlub ЖШС-не тиесілі құны екі миллион долларлық демалыс аймағын күшпен иемденді.

Сонымен қатар, Қоспаев өзінің сенімді мүшелері – ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арқылы Алматының ең беделді аудандарының бірінде "Есентай Сити" тұрғын үй кешенінің құрылысын жүзеге асыратын AV-Construction ЖШС үлесінің 75 пайызын иеленген. Қалған 25 пайызы белгілі кәсіпкер Әбдіғаппаровқа тиесілі болды, ол 2016 жылы ЖШС атынан ТК құрылысына 31 гектар жер учаскесін сатып алған", – деп хабарлады ҚМА.

Агенттіктің мәліметінше, Қоспаев пен оның сыбайластары жеке басын байыту мақсатында өздерінің туыстарына пәтерлер мен коммерциялық үй-жайларды рәсімдеу арқылы ЖШС мүлкін ұрлаған. Қаржылық мониторинг агенттігі 2018 жылдың қазан айынан бері Қоспаев пен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Бабаев, Әбіжанов, Танашев, Кудряшова және басқалар өздеріне 3 жер телімін, 20 кеңселік үй-жай мен 113 пәтерді иемденгенін айтты. Соның салдарынан 4,6 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.

"Қоспаев серіктестік мүлкінің ұрлануына байланысты ортақ иесі Әбдіғаппаровтың ықтимал талаптарын болдырмау үшін оның анасы Жүнісбекова С-ның атына тіркелген 25 пайыз үлесін иемденбекші болады. Әбдіғаппаровты ұстау және кейіннен тұтқындау ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері үшін оның қарт анасы С.Жүнісбековаға қысым жасауға қолайлы мүмкіндік тудырады, топ мүшелері ұлына көмектесу үшін "AV-Construction"ЖШС-дегі үлесіне айырбастауға ұсыныс айтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің шабуылына қарсы тұра алмай, ұлы үшін қорыққан Жүнісбекова компаниядағы өз үлесін өтеусіз берген", – делінген ҚМА хабарламасында.

Сонымен қатар, Алматы облысында Қоспаев ешбір құжатсыз бассейні мен спорт залы бар сәнді саяжай тұрғызған. Ол сонымен қатар асыл тұқымды жылқылар өсіріп, арыстандар, аюлар секілді жабайы жануарлармен хайуанаттар бағын ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001600-zaulim-ui-salyp-xaiuanattar-bagyn-ustagan-almatydagy-reiderlik-istin-tanqalarlyq-malimetteri-anyqtaldy/

pixel