Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке күні елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ХҚО мен арнайы ХҚО 16 желтоқсан күні тәуелсіздік күніне орай жұмыс істемейді. Сол сияқты 17-18 желтоқсан күндері де демалыс күніне түсіп тұрғандықтан, мекеме бұл күні де жұмыс істемейтін болады.

Олар тек кезекші ХҚО мен арнайы ХҚО сенбі күні, яғни 17 желтоқсанда 09:00-дан 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін айтады.

Ал, дүйсенбіден бастап ел бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары стандартты кесте бойынша өз жұмысын бастайды:

  • ХҚО мен арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • кезекші ХҚО мен арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істесе, сенбі күні 09:00-дан 13:00-ге дейін жұмыс істейді, деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001712-mereke-kuni-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalyqtary-zumys-istei-me/

pixel