Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда заңгер сот шешімін қолдан жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Құжатқа қол қойды
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда заңгер сот шешімін қолдан жасады деген күдікке ілінді. Ол интернет-ресурстан соттың ұқсас шешімін жүктеп алып, оны тапсырыс берушіге жіберген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанында әйел заңгерлік қызмет керек болған соң интернеттегі хабарландырулар сайтына жүгінген. Өз қызметі үшін ақша алған ер адам оған  құжат жинап жатқанын айтып сендірген. 

"Заңгер желтоқсан айының басында тапсырыс берушілер шарттық міндеттемелердің орындалуын асықтырған соң интернет-ресурстан соттың ұқсас шешімін жүктеп алған. Бұдан кейін редакциялау бағдарламасының көмегімен ол қажетті деректерді, сот деректерін көрсете отырып, сот шешімін өзгерткен және тапсырыс берушіге WhatsApp арқылы сот шешімін цифрлық форматта жіберген", —  деп жазылған хабарламада.

Сот шешімінің түпнұсқасын алу үшін сотқа жүгінген қала тұрғыны оған мұндай шешімнің сотпен қабылданбағанын айтқанда таң қалған. Әйел адам көп ойланбастан полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша Павлодар облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі "жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001805-pavlodarda-zanger-sot-sesimin-qoldan-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel