Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасады

Опубликовано:

Таудағы қалың қар. Көрнекі сурет
Таудағы қалың қар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар. Осыған орай облыс тұрғындарына ескерту жасалды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың 17-22 желтоқсаны аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар. Сол себепті ТЖД мамандары тұрғындар мен туристерге, демалушыларға қар көшкі қаупі бар болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Алматы облысы аумағында 48 қар көшкіні қаупі бар аумақтар бар екен. Олар Іле-Алатауы шатқалының оңтүстігік беткейіндегі Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында орналасқан.

Ведомство өкілдері, сондай-ақ, қар көшкіні әдетте ауа температурасы күрт жылығанда немесе қар мен жаңбыр шамадан тыс көп көлемде жауғанда пайда болатын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001919-tzd-almaty-oblysy-turgyndaryna-eskertu-zasady/

pixel