jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде жарысқа бара жатқан оқушылардың көлігі апатқа ұшырап, бір бала қаза тапты

Ақтөбеде жол апаты
Ақтөбеде жол апаты. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде жарысқа бара жатқан балалар мен жаттықтырушысы болған көлік жол апатына ұшырады. Жол апатынан оқиға орнында бір бала көз жұмып, қалған оқушылар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жол апаты 17 желтоқсан күні Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында орын алған. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған "Toyota Estima" автокөлігінде 11 адам болған.

Ведомства хабарлауынша, көліктегі балалардың тоғызы 2010-2011 жылдары туған. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан.

Полиция мәліметінше, оқиға орнында бір оқушы көз жұмып, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Ақтөбеде жарысқа бара жатқан оқушылардың көлігі апатқа ұшырап, бір бала қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.