Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғын өлі күйде табылды

Опубликовано:

Жігіт
Жігіт. Фото: pexels.com

Атыраудың Қаракөл ауылында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Ол 20 қараша күні таңертең ерте үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды "Ақ жайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, алғашында оны іздеуге төтенге жағдайлар департаменті мен полицияның көп күші жұмылдырылған. Кейін тіпті іздеуге "ҚазАвиаСпас" акционерлік қоғамының тікұшағы қосылады. Бірақ іздеу жұмыстары нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін тоқтатылған.

"Ақ жайық" басылымының мәліметінше, жоғалған тұрғынның денесін қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.

Жергілікті басылым 24 жастағы тұрғынның мәйіті Қаракөл ауылынан 22 шақырым жерде орналасқан бейіттердің арасынан табылғанын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001954-atyrauda-bir-ai-buryn-zogalyp-ketken-24-zastagy-turgyn-oli-kuide-tabyldy/