Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып алды

Опубликовано:

Әшеков Бағдат және Руземов Тахир
Әшеков Бағдат және Руземов Тахир. Фото: Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті

Жексенбі, 18 желтоқсан күні Алматыда жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенше полиция инспекторы мен жедел жәрдем фельдшері әйелді жанып жатқан үйден құтқарып қалды, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай туралы ақпарат 101-ге 10:24-те келіп түскен.

Белгілі болғандай, 120 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үйдің шатыры мен төбесі өртенген.

"Өрт шыққан орында жүктеменің жоғары болуына байланысты өрттің жақын маңдағы тұрғын үйге таралу қаупі туындады", - делінді төтенше жағдайлар департаментінде.

Департамент мәліметінше, қызыл жалын 23 минутта ауыздықталған. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болған адам жоқ.

"Өрт сөндірушілер келгенше, өз өмірін қауіпке тігіп, "Боран-240" полиция патрулінің инспекторы Әшеков Бағдат пен № 10 станцияның фельдшері Руземов Тахир 31 жастағы әйелді жанып жатқан үйден құтқарып алады. Әйел аяғына ота жасалғандықтан, өз күшімен жанып жатқан үйден шыға алмаған", - деп мәлім етті департамент.

Айта кететіні, әйелді құтқару барысында инспектор Әшеков Бағдат өзі жараланып қалған. Алайда ол дәрігер тексеруінен соң қызметіне қайта оралды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, полицей мен фельдшер департамент басшылығының марапаттауына ұсынылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001967-almatyda-policei-men-feldser-zanyp-zatqan-uiden-aieldi-qutqaryp-aldy/

pixel