Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мегаполисте күн жылынады: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қыс
Қыс. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері ресми сайтында дүйсенбі, 19 желтоқсанда еліміздің ірі қалалары мен өзге өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда 2 градус жылы болады, жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы секундына 0-ден 5 метрге дейін жетуі мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы -5...-7 градус аралығында. Жел 9-14 м/с-қа дейін күшейюі ықтимал.

Шымкентте де бүгін күн жылы болмақ, яғни синоптиктер ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Қалада жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сондай-ақ метеорологтар бүгін еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болатынын болжап отыр.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында Моңғол антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ.

Одан бөлек бүгін республиканың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі (15-20 м/с-қа дейін), Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001987-eki-megapoliste-kun-zyly-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel