Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Катар әмірін футболдан әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"@TamimBinHamad (Катар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни - ред.) сізді #FIFAWorldCup турнирінің сәтті өтуімен құттықтаймын. Бұл турнир - әлемдік футбол тарихында рухты және әділ ойын ретінде сондай-ақ, катарлықтардың ерекше қонақжайлығымен есте қалады", - деп жазды президент.

Еске сала кетейік, кеше, 18 желтоқсанда Катарда бір айға жуық созылған футболдан әлем чемпионаты аяқталады.

Финалдық мачта Аргентина-Франция құрамалары кездесті. Тартыста өткен ойында Аргентина құрамасы араға 36 жыл салып, әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001989-toqaev-katar-amirin-futboldan-alem-cempionatynyn-satti-otuimen-quttyqtady/

pixel