Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасында өртеніп кеткен Алматы әкімдігі ғимаратының бүгінгі келбеті қандай (видео)

Опубликовано:

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы әкімдігінің ресми Instagram парақшасында қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп кеткен қала әкімдігі ғимараты туралы бейнеролик пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік бейнежазбада ғимараттың қазіргі келбетін, сондай-ақ, ғимарат қалай қалпына келтіріліп жатқандығын көрсеткен.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, ғимарат 2023 жылдың II тоқсанында толығымен қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, былтыр қаңтар оқиғасында Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты толығымен өртеніп кеткен болатын.

Қала әкімі Ерболат Досаев биылғы жылдың шілде айында ғимарат 2023 жылдың наурыз айына дейін жөнделіп бітеді деп мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002069-qantar-oqigasynda-ortenip-ketken-almaty-akimdigi-gimaratynyn-bugingi-kelbeti-qandai-video/

pixel