Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ұшақ жолаушысының қол жүгінен кірпіш шықты

Опубликовано:

Құрылыс алаңындағы кірпіш. Көрнекі сурет
Құрылыс алаңындағы кірпіш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада әуежай жолаушыларының бірінің қол жүгінен құрылыс кірпіштері табылған, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Биылғы жылдың басынан бастап, елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары жолаушылардан, тексеру пункттерінде 6 мыңға жуық тыйым салынған заттарды тапты.

Тексеру кезінде табылған ерекше заттардың қатарында, чемодан тұтқаларында, белдіктер мен аяқ киімдерде жасырылатын кастеттер мен пышақтар болды. Ал бір жолаушының қол жүгінде тіпті кірпіш те табылды", - дейді елорда әуежайының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, табылған заттардың көпшілігі жойылатын көрінеді.

Сондай-ақ әуежайдың баспасөз қызметі ұшақ бортына шашқа арналған лак, қырынуға арналған гель және т.б. заттардың әкелуге болмайтынын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002108-astanada-usaq-zolausysynyn-qol-zuginen-kirpis-syqty/

pixel