Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда күштік құрылым қызметкерлері бұзақылық әрекеттің жолын кесті

Опубликовано:

Скриншот кардан алынды.
Скриншот кардан алынды. : Polisia.kz

Бүгін, 19 желтоқсан күні Қарағандыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті, деп хабарлайды ІІМ-нің POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

Белгілі болғандай, оқиға Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында болған.

"19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілгендігі анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002115-qaragandyda-kustik-qurylym-qyzmetkerleri-buzaqylyq-arekettin-zolyn-kesti/

pixel