Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылда үйге аяз ата мен ақшақар шақыру құны қанша

Опубликовано:

Жаңа жыл
Жаңа жыл. Фото: pexels.com

Биыл жаңа жыл қарсаңында мейрамханалардың бағасынан бөлек сауық кешін ұйымдастыратын ивент-агенттіктер қызметі үш есеге өскен. Мереке қарсаңында балалар асыға күтетін аяз ата мен ақшақарды үйге күндізгі уақытқа 20 минутқа шақыру құны 17 мыңгеге жеткен, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Арна мәліметінше, дәл мереке күні аяз ата мен ақшақарға келіп түскен шақыртулар құны соғұрлым қымбат болады.

Алматы арнасының айтуынша, елордадағы кеш ұйымдастыратын агенттіктердің бірінде қазір қызмет құныорта есеппен 30 пайызға өскен.

"Егер 30 желтоқсанда тапсырыс берілсе, онда 20 минуттық құттықтау сағат 15:00-ге дейін 17 мың теңге болады. Ал егер тапсырысты 31 желтоқсанды алсақ, онда баға 20 мыңға дейін жетеді. Дәл мереке күніне неғұрлым кеш шақырту алсақ, қызмет құны соғұрлым көп болады", – деді сауық кешін ұйымдастыратын агенттік өкілі Олеся Другова.

Елде 2 жылдық пандемиядан соң мектептердегі жаңа жылдық ертеңгілікке рұқсат берілді.

Алматы арнасының мәліметінше, мектептердегі жаңа жылдық ертеңгіліктер 21 желтоқсаннан басталады. Астанада жаңа жылдық ертеңгілік билет құны 1500 теңгеден 15 мың теңгеге дейін барады.

Өткізу орны мен шоу бағдарламасына байланысты қалауыңызды таңдайсыз. Ал президенттік шырша тегін. Оның өзіне барлық оқушы бірдей қатыса алмайды.

"Биылғы жылы президенттік шырша оффлайн режимінде өткелі жатыр. Президенттік шыршаға ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасының балалары, дарынды балаларды қатыстырамыз деп жоспарланып отыр. Жалпы республика бойынша 4000-нан астам бала қатысады", – деді оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас маманы Мадина Хаби.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002145-zana-zylda-uige-ayaz-ata-men-aqsaqar-saqyru-quny-qansa/

pixel