Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада баланы көлiк қағып кеткеннен кейін тұрғындар жолды бөгеп тастады (видео)

Опубликовано:

Астана тұрғындары
Астана тұрғындары. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Астанада бүгін бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті. Оқиғадан соң жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жауып тастады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, "Toyota Highlander" автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілген.

Полиция дерегінше, қазір аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Осы оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастаған.

Полиция мәліметінше, жиналғандармен сөйлесу жұмыстары жүргізілді. Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002150-astanada-balany-kolik-qagyp-ketkennen-keiin-turgyndar-zoldy-bogep-tastady-video/

pixel