Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баға төрт есе өсті": Орал тұрғындары дизель отынының тапшылығына шағымданды

Жарияланған күні:

Дизель отыны
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралда жанармай құю бекеттерінде дизель отыны жетіспеуде. Салдарынан тұрғындар бір литрының бағасы 650 теңгеге жеткен қысқы соляркамен жүруге мәжбүр. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, дизельдік отынның жетіспеушілігіне әсіресе жүк көліктері, құрылыс компаниясы және қаланың коммуналдық мекемелері шағымдануда. Сонымен қатар тұрғындар жанар-жағармай бағасының қымбаттауын алға тартып отыр.

Оның ішінде жүк көліктері иелеріне тым қиын көрінеді. Мәселен, Мәскеуден Алматыға осымен үш жыл бойы көлік таситын Қожа Серікмұратов, көлігіне жол-жөнекей, үнемі Оралдан дизель отынын сатып алады екен. Алайда бұл жолы қаладан дизель отынын таппадым, дейді көлік иесі.

"Ресейден келдім, дизельдік отын еш жерде жоқ, тек шекара жанында 50 литр алдым, басқа жерден таппадым. Енді іздейтін боламын. Қыста мұндай мәселе бірінші рет болып тұр. Бұл біз сияқты көлік иелері үшін, үлкен мәселе", – дейді ол.

Тегерана ұсынған мәліметтерге сәйкес, жергілікті тұрғындар дизельдік отын қалада осымен бірнеше апта бойы тапшы екенін айтқан. Мамандардың пікірінше, дизельдік отын бағасының қымбаттауы қаланың коммуналдық мекемелері мен жолаушылар тасымалы қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Салдарынан тасымалдаушылар тарифті көтеруге мәжбүр болады, дейді сарапшылар.

"Жолаушылар тасымалы, "Батыс су арнасы", "Жайықжылуоэнерго", "РЭК", қаланы тазалау бәрі техникаға байланысты емес пе? Оларда тариф бар - солярканың литры 125 теңге, ал қазір олар 650 теңгеге сатып алуға мәжбүр. Бұл үлкен шығын, яғни баға бірден төрт есеге қымбаттап отыр", – дейді Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаты Тұрарбек Тілемісов.

Депутаттың сөзінше, дизельдік отын Атырау МӨЗ жөндеу жұмыстарының аяқталуымен байланыстырылып отыр. Айтуларынша, әдетте зауыттан айына 30 мың тонна солярға әкелінген екен.

Десе де, шенеуніктер солярка көлемі зауыттан бұрынғы мөлшерде алынатынын жеткізген көрінеді. Сондай-ақ олар мекемелер талон бойынша солярка алатынын алға тартуда.

"Бізде дизельдік отынға деген сұраныс көп емес. Коммуналдық мекемелер жұмыс істеп тұр, олар жұмыстарын тоқтатқан емес, оларға қысқы отын қажет емес, біз маусымаралық жанар-жағармайды пайдалана аламыз", – дейді БҚО ТШК және энергетика басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев.

Бұдан бөлек телеарна тілшілері бүгінде Оралда жазғы дизельдік отын тапшы екенін айтады. Ал жанар-жағармай бекеттерінде қысқы солярка бағасы литрына 650 теңгеден сатылып жатыр. Жанар-жағармайдың аталған түрі Ресейден әкелінетіндіктен, мамандар оның бағасы әлі де өседі де болжап отыр.

Дереккөз: Алматы телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002160-baga-tort-ese-osti-oral-turgyndary-dizel-otynynyn-tapsylygyna-sagymdandy/