Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы ақау шыққан жылу желісі бүгін толықтай жөнделіп бітеді

Опубликовано:

Құбырлар
Құбырлар. Көрнекі фото: Рiqsels.com

Павлодар қаласында бес көпқабатты үй мен 58 жеке тұрғын үй жылудан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 18 желтоқсан, яғни жексенбі күні жылу желілерінде ақау пайда болған.

"Мамандар ақауды анықтады. Желтоқсанның 18-і күні кешке жылу желілері қайтадан қосыла бастады. "Павлодар жылу желілері" ЖШС мамандары жылу камерасындағы суды сорып алды. Жөндеу жұмыстары 19 желтоқсан күні таңертең басталды. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізілуде.

Орталық көшенің бойындағы 58 жеке және бес көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылған болатын. Тұрғын үйлерді аралап, тұтынушыларға қабылданған шаралар туралы ескертілді. Мәселе бақылауда", – деп түсіндірді Павлодар әкімдігінен.

"Павлодарэнерго" АҚ мамандары жақын жерден өтетін кабельдік желілердің көптігіне және қолданыстағы желідегі ақауды жоюға техникалық мүмкіндіктің жоқтығына байланысты ұзындығы 40 метр жаңа желі тартқан.

Әкімдіктің айтуынша, компания залал толық жойылғанша жұмыс үздіксіз жүргізілетініне сендірген.

"Тұтынушыларды толық жылуға қосудың болжамды уақыты – бүгін, 20 желтоқсан, сағат 9.00", – деп түсіндірді әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002166-pavlodardagy-aqau-syqqan-zylu-zelisi-bugin-tolyqtai-zondelip-bitedi/

pixel