Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ер адамды бопсалаған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Ер адамды бопсалаған күдікті ұсталды
Күдікті. Фото: Рolisia.kz

Жамбыл облысында ер адамды бопсалап, апта сайын қомақты ақша алып тұрған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция хабарлауынша, 6 желтоқсан күні Тараз қаласының полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданған.

Ол өзінен қорқыту арқылы апта сайын екі азаматтың әшкерелеуші ақпаратты жарияламау үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын айтқан. Жәбірленушіден барлығы 2 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

Жамбыл облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның серіктесіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002190-zambyl-oblysynda-er-adamdy-bopsalagan-kudiktiler-ustaldy/

pixel