Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда Алаш зиялыларын еске алу мақсатында "Алаш айлығы" мерекесі өтті

Опубликовано:

Кездесу
Фото: Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі

Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау - қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы.

Осы орайда Қарағанды қаласының әкімі мен қалалы білім бөлімінің қолдауымен 2022 жылдың 14 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында белсенді жастар, ардагерлердің қатысуымен 82 білім мекемесі, қаланың мәдениет сарайлары мен кітапханаларында 62 патриоттық іс-шара, 45 сахналық қойылым, 25 байқау, зиялы қауым өкілдерімен 15 кездесу, 42 «Q-talks» форматындағы әңгіме, 12 көрме мен 23 флешмоб өткізілді.

Майқұдықта зиялы қауым өкілдері, жұртшылық, жастар, қала еріктілерінің қатысуымен «Әлихан Бөкейхан» муралының қасында патриоттық іс-шара өтті. Шара қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухына өшпестей із қалдырған Алаш қайраткерлерінің құрметіне арналды.

Іс-шара барысында қаланың белсенді жастары Алаш зиялыларының шығармаларын оқыды. Патриоттық акция Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқталды.

2022 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінде TEDx форматында Алаш зиялыларын зерттеушілерінің қатысуымен «Алаш апталығы» өтті. Оған қаламыздың белгілі тарихшылары, оның ішінде Қайырбек Кемеңгер («Алаш ренессансы»), Алма Сайлауқызы (« Оян қазақ!» феномені»), Алмас Сырғабай («Ахмет әлемі»), Ұшқын Сәйдірахман ( «Ахмет. Ұлт ұстазы»: тарихи және көркемдік шындық») Ықылас Ожайұлы («Абай және Алаш идеясы»), Алмасбек Әбсадық ( «А.Байтұрсынұлы ғұмырнамасы ғасырдан асып жеткен тың деректер»), Ернат Мелсұлы («Тұлғаларды ұлықтаудың жолы»), тыңдаушыларға Алаш зиялыларының қазақ халқына жасаған ұлан-ғайыр ұлағатты ісі- мәдени саладағы сан қырлы, оның ішінде әдебиет бағытындағы атқарған өлшеусіз еңбектері туралы айтып берді.

Алаш Орда автономиясының негізін салушы, ұлт зиялысы - Әлихан Бөкейханның құрметіне «Жаңа Майқұдық» МҮ «Алихан-ұлт азаттық күрескері» атты танымды-деректі фильмі ұсынылды.

Кездесу
Фото: Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі

Фильм көрсетіліміне қаланың танымал қоғам қайраткерлері, жастар белсенділері, мәдениет, білім саласының өкілдері қатысты.

Алаш айлығына орай, тақырыптық инфографикалар, С. Сейфуллин актерлерінің қатысуымен бейнероликтер дайындалып, қаланың ЛЭД-экрандары мен маршруттық теледидарларда, әлеуметтік желілерде жарияланды.

2022 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қарағанды қаласы білім бөлімінің қолдауымен Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына орай, қаланың Кеншілер сарайында «Алаш айлығы» патриоттық мерекесінің қорытындысы өтті.

«Тәуелсіздік – Алаш ұрпағы» атты салтанатты шараға ЖАО, зиялы қауым өкілдері, жұртшылық, қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында қонақтарды түрлі сахналық қойылымдар, оқушылардың қызықты көріністері, шығармашылық ұжымдардың жоғары деңгейі, музыкалық нөмерлері қуантты.

Шараның басты ерекшелігі ретінде мектептер арасында тәжірибе алмасудың жаңаша форматы - оқушылардың «Q-talks» форматында берген қызықты ақпараттары болды.

Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдарында ұрпақ тәрбиесі үшін атқарылып жүрген және тәжірибеден өткен игі істерді көрсету, өзге мектептермен тәжірибе алмасу.

Алаш зиялыларының қазақ халқына жасаған сан қырлы еңбектері мәңгі есімізде. Алаш рухы, Алаш айтқан асыл сөздер біздің мәңгі жүрегімізде! Қазақ елі барда Алаш қайраткерлерінің асыл мұралары ешқашанда өшпейді!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002193-qaragandyda-alas-ziyalylaryn-eske-alu-maqsatynda-alas-ailygy-merekesi-otti/