Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 17 жылу электр орталығы "қызыл" аймаққа енді

Опубликовано:

Көрнекі фото
ЖЭО. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанда 17 жылу электр орталығы "қызыл" аймаққа енгізілді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, елдегі қалалардың жылу жүйесіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 17 жылу электр орталығы "қызыл" аймаққа енгізілген.

"Энергетика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. "Қызыл" аймаққа – 19, "сары" аймаққа - 11, "жасыл“ аймаққа – 7 ЖЭО кірді", - дейді энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, бұған дейін Екібастұздағы апаттан соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барлық ЖЭО тексеру жөнінде тапсырма берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002194-qazaqstanda-17-zylu-elektr-ortalygy-qyzyl-aimaqqa-endi/

pixel