Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда бұрынғы жұбайын пышақтаған ер адам сотталды

Опубликовано:

ұсталған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Талдықорғанда бұрынғы жұбайын үйдің маңында тосып жүріп, пышақтаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция Талдықорғанда бұрынғы жұбайына бірнеше рет пышақ салды деп айып тағылған 31 жастағы ер адамға үкім шығарылғанын айтты.

Құзырлы органның мәліметінше, әйелді күйеуі бірнеше рет ұрып-соққан. Мұны полиция тергеу кезінде дәлелдеді және сот үкім шығарған кезде осы дәйектерді ескерген.

Аталған дерек 5 қаңтар күні тіркелді. Пышақпен қаруланған ер адам бұрынғы жұбайын үйдің маңында тосып жүріп, оның бетін, мойнын және денесінің басқа да бөліктерін қатты жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Онда ол ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болған.

Оқиға орнынан жасырынған күдіктіге көп ұзамай халықаралық іздеу жарияланды.

"Белгілі болғандай, іздеуде жүрген ер адам Қостанай облысының аумағында жасырынған жерінен ұсталып, Талдықорған қаласына жеткізілді. Қылмыстық іске бірнеше сараптаманың нәтижесі қоса тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді", – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сот үкіміне сәйкес 31 жастағы ер адамға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002202-taldyqorganda-buryngy-zubaiyn-pysaqtagan-er-adam-sottaldy/

pixel