Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Рустам Әбдірахмановтың үйіндегі тінтулер туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Опубликовано:

Рустам Әбдірахманов
Рустам Әбдірахманов. Фото: YEDILOV ONLINE

Әлеуметтік желілерде қылмыстық іс аясында Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша тінту жүргізілгені туралы ақпарат пайда болды. Аталған жайтқа қатысты облыстық ПД өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, "Жалмауыз" лақап аты бар Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық ісі аясында Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді", – делінген YEDILOV ONLINE Telegram арнасының хабарламасында.

Ақпаратқа Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Қылмыстық істі басқа құқық қорғау органы жүргізіп жатыр. Осы іс аясында Рустам Әбдірахмановтан куәгер ретінде жауап алынды. Қазіргі уақытта ол қызметте, шеттетілген жоқ", – деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл шілде айында ҚМА кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікке ілінген рейдерлік топ әрекетінің жолы кесілгені туралы хабарлаған болатын. Келтірілген шығынның алдын ала сомасы 18 миллиард теңгеден асады.

Ұйымдастырушы делінген Елдос Қоспаев пен оның сенімді өкілдері Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеу жарияланды.

Жақында бірқатар компанияны рейдерлік тәркілеу ісі бойынша жаңа деректер пайда болды. Белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачковтың ұсталғаны туралы да ақпарат шықты. Ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002233-policiya-rustam-abdiraxmanovtyn-uiindegi-tintuler-turaly-aqparatqa-tusinikteme-berdi/

pixel