Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қораптан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Опубликовано:

нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің жанынан қағаз қорапқа салынған жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz Telegram-арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған нәрестенің өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген. Келіп жеткен полиция қызметкерлері қораптан жаңа туған ұл баланың денесін тапқан.

Қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Ананың жаңа туған баланы өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Құзырлы орган сәбидің анасының жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002290-aqtobede-qorapqa-salyngan-zana-tugan-narestenin-denesi-tabyldy/

pixel